Неліктен – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Неліктен» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 563
Пәкті қалайсың,
Ақты сүйесің,
Неліктен,
«Беу қара көздер!» – деп
Табынып күйесің?
Пәкті қалайсың,
Ақты сүйесің.
Неліктен
Қолаң шаш, қара қас көрсең
Алып ақ басынды иесің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері