Бұл бетте «Дарқан болса жүрегің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қартаймайсың дейсің, мені күндейсің
Өз жүйкеңді өзің түтіп жүндейсің.
Соны ойлап ашытып аз миыңды,
Қартаятыныңды неғып білмейсің?
«Қартаяды ісегінде жаман қой» –
Дейді халық.
«Қалт айта ма», тамам ғой.
«Жақсы болса, жаужұмырды ит жемейді»
Жақсылығың – алынбайтын қамал ғой.
«Сырлы аяқтан сыр кетсе, сын кетпейді» –
Оны айтуға әділдігің жетпейді.
Көңілің кең, дарқан болса жүрегің
Жаны-тәнің көк өлеңдей көктейді.
Ішіне дәм түссе аузыңа ұстаған,
Болсаң-дағы осы аяққа ұқсаған,
Сыры кеткен, сыны өзінде көз тартар
Боласың, дос, сен де жақсы нұсқадан.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі