Ақынға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақынға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Әйел жаны сырға сараң, берік қой,
Сырға сабыр егіз сынды серік қой.
Кейбіреудің өзіменен мәңгілік
Кетеді ғой не бір сыры, көрікті ой.
Әлсіздікке саймаңыз сыр ақтарсам,
Отты жыры кеуделерге жаққан шам.
Жақсылығын айтып нұрын тасытып,
Бүгін сірә айып та емес мақтансам.
Тізіп, теріп жұрт айтқанды жаңалап,
Жатпайын мен ұлы адам не ғажап-ақ.
Деп иемін мен басымды өзіңе
Ақын аға, аяулы абзал азамат.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері