Қағаз кеме суға түсті – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қағаз кеме суға түсті» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1734
Жаңбыр көзін ашып-жұмып,
Найзағайдан қорқып, бұғып,
Күле салған жылап тұрып,
Сәбидейін жасын сығып.
Алды дағы қоя қойды,
Құшты шуақ қырды-ойды,
Күліп тұрды көпке дейін,
Қандыра кеп көк мерейін.
Қауырт іс ел баласына
Басталды арық жағасында,
Қызыл-жасыл алуан түсті
Қағаз кеме суға түсті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері