Қара теңізге – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қара теңізге» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Жасымнан жағаңда жүгіріп,
Малта тас түрлерін жимадым.
Әйтсе де ынтық ем, сезгендей,
Самалды саяңды сыйладың.
Көк торғын толқынға орадың
Бесікте бөбекше тербетіп,
Секірсем жарыңнан жалтармай,
Аяңа алдың сен мөлт етіп.
Сәскеде күн сүйген толқының,
Жақұт тас тәрізді жалтылдап,
Алқа боп тағылып мойныма,
Тастады ақ жүзімді алтындап.
Бейне бір айдынның еркесі,
Алаңсыз ақ көңіл ақ шабақ
Тәрізді
тұнығында ойнадым,
Толассыз толқынды таспалап.
Егізі Каспийдің есен бол,
Дегенше қайта кеп: «Армысың!»
Жазылған жағаңда осынау
Жолдарым – сыйға сый, алғысым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері