Сицилия аралы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сицилия аралы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1264
Тәрізді бір талып жеткен таң, әні
Бар екен де
көзді жаулап алары.
Көк аспанды жамылып,
кек теңізді
Құндақ еткен Сицилия аралы.
Сан құбылып, көлеңке күн ауысып,
Ақша бұлттар ажырап, бір қауышып..
Ленталарын іліп болмай жатқандай
Кемпірқосақ көкте сабыр тауысып.
Ағаштары тағып алтын алқаны,
Сусындатқан жемісінің бал дәмі.
Апельсині, лимоны үшін ат алған,
Шынында да алтын екен алқабы.
Көңіліме құйып алып көлемін,
Көркемдікпен кез суарып келемін.
Бұл аралдың әр шоқысы, әр тасы
Шырқағандай «Санто лу чио» өлеңін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері