Жинағыңның ғажап екен қағазы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жинағыңның ғажап екен қағазы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 541
Жинағыңның ғажап екен қағазы,
Әрине ол нәріне емес таразы.
Оқырманың деп жүрмесе жарады,
Сырлап, сындап өткізудің наразы.
Суретшің де жанын салып мүсіндей,
Алған екен ең ғажайып ісіндей.
Шолақ ақыл әсіре сән киінер
Жарасымын тұрады кім түсінбей.
Бұлай әлі шығып көрген жоқ Абай,
Сонда да оны оқырманы жоқтамай
Қалған емес, қағазы осал болса да,
Өтеді бір күн дүкендерде тоқтамай.
Абаймын деп айта алмайсың өзің де,
Онның бірі Абай жоқ қой сөзінде.
Пайдалана бер ауылың, бауырың,
Шапағаты, тиіп тұрған кезінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері