Қасарыспауға санама – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қасарыспауға санама» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 553
Қасарыспауға санама,
Қасқайып тұрған қайсарды.
Жалынғанды тәңірі
Өлімнен қашан қайтарды?
Қорлауға көніп егілмей,
Намысты еңсе көтерер,
Жансауғашыл жасықтар
Бір-ақ өлмес, екі өлер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері