Өлең, жыр, ақындар

Қызылжар

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1636
Кей кезде жаңбырыңнан көз аштырмай,
Аяқты кей көшеңде саз бастырмай
Тұратын Қызылжарым, мен келсем-ақ,
Қоймайсың еш уақытта сен бас ұрмай.
Бұның не? Сағыну ма, сыйлауың ба?
Әзірмін не десең де илануға!
Емес пе, сондықтан да жыл сайын кеп,
Не әке, не шешедей қимауым да?
Көрдім мен, кеп қаланы алыс, жақын,
Керемет сұлуын да, таң қалатын,...
Токио, Лондон, Каир... өзгертпеді,
Жүректің саған деген махаббатын.
Мен саған құмар-дамын, ғашық-тамын,
Себебі,— өмірімнің ашық таңын
Ен, алғаш сенде көріп, бақыт үшін
Күресте тамды саған қасық қаным.
Есіме алсам тулап, сені — сезім,
Көрмесем жыртылардай болып төзім,
Келуім — қан-жынымен араласып,
Жерінде жатыр талай ая-көзім.
Адамын, аяқ басып жүрген тірі,
Болғанмен, кейі ұсақ, кейі ірі,
Бәрі де, сол достардың тамырынан
Дән тартып түрлі түспен өскен гүлі.
Тұрғының, үйің, көшең — бәрі қымбат,
Жеткенше тіл бояуы сені сырлап,
Қызылжар, қымбат қалам,— біткенше өмір,
Ең ыстық махаббатпен жүрем жырлап.

1961



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маршалдың приказы

  • 0
  • 0

Москва!
Кең,
Көрікті
Қызыл Алаң!

Толық

Менің республикам

  • 0
  • 0

Әркімнің өзіне ыстық туған жері,
Сол жердің топырағын суын, кенін,
Сүюден тынбайды ол бітпей демі,
Менің де сүйетін бар сондай жерім.

Толық

Сара Есоваға

  • 0
  • 0

Мен көргенде бойжеткен қыз едің сен,
Сырттай емес, іштей бой түзедің сен.
Мұқалмас марксизм қайшысымен
Аяусыз ескілікті күзедің сен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар