Жиырма бес
- 0
- 0
Жиырма бес – дариға-жас менен де өттi,
Жастық шақ алаңдатты, елеңдеттi.
Қуаныш сыйлап менiң бойыма шақ,
Маған лайық мұң болып өлеңдеттi.
Бұл бетте «Анама» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жиырма бес – дариға-жас менен де өттi,
Жастық шақ алаңдатты, елеңдеттi.
Қуаныш сыйлап менiң бойыма шақ,
Маған лайық мұң болып өлеңдеттi.
Тағы да саған жүгiнем,
Ей, менiң дана ақылшым.
Қол үзiп тiрлiк жiбiнен
Сен неге үнсiз жатырсың?
Жарастық па екен жастығыма тән –
Сағынышым да сарыуайым.
Көзіме тұнса, жасты да ұнатам,
Шарасыз қалған жандайын.
Мәнiс кеттi.
Тiрлiктен мәнiс кеттi,
Мен аңсаған керемет алыс кеттi.
Бiрде қырға, бiрде ойға домалайды,
Сыбаға көрiп кеңдiгiн көптiң,
Құры кеудемдi тiреу ғып,
Әңгүдiктiгiмдi ерлiгiм деппiн,
...Неғылсын менi шын ерлiк.
Даяна
Өте керемет, көп рақмет!