Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Соншалықты жақын едің, соншалықты алыс ең,
Жүрегімнің қағысы едің, басқа арнаның ағысы ең.
Жан сырыңды біле тұра алып қашпа сөзге ердім,
Алып қашпа сөзге ердім де танымастай өзгердім.

Сонша жақын көре тұра жұмбақ сақтап өзімді,
Сонша алыста бола тұра жасырмадым сезімді.

Мейірімді едің сонша, соншалықты қатал ең.
Жадыраған жүзіңді ойлап сан қиялға батар ем.
Мені салып тағдырменен бетпе-бетке егеске,
Сүйе тұра келмегенің қаталдығың емес пе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері