Қыс пенен жаз, көктем, күз жиі алмасқан – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қыс пенен жаз, көктем, күз жиі алмасқан» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2335
Қыс пенен жаз, көктем, күз жиі алмасқан,
Сиғызып тұр қалайша қиялды аспан.
Жалғыздықтан көңілді құлазыған,
Күзге жаба салыппыз ұялмастан.

Жасыл бояу көктемді көрікті етті,
Жас балаша көңілді еліктетті.
Біздей емес тұрақсыз, ай менен күн,
Күндегіше даламды көріп кетті.

Адастырмас ешқашан біздегі арман,
Көкте қалқыр қырандай, жүзге қонған.
Ат шаптырған ауылда ағайынның,
Тойларынан айналдым күзде болған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері