Есімде – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Есімде» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Алдың ба арбап білмеймін көзіңменен,
Кеттім бе еріп білмеймін сезімге мен.
Кімнің тойы екені есімде жоқ,
Билегенім есімде өзіңменен.

Ән шырқалды оқылды ершімді өлең,
Құстай едім қанаты серпілмеген.
Биге тарттың сен келіп жеңіл ғана,
Кете бердім айланып еркіңменен.

Қалқитындай бір ғажап күш байланған,
Өзіме де қайранмын ұшпай қалған.
Жер бетінен ғашықтар бақыт таппай,
Билей-билей шығар-ау құсқа айланған?!

Көңіл емес көріп ем көзімменен,
Кеттім бе еріп білмеймін сезімге мен.
Кімнің тойы екні есімде жоқ,
Билегенім есімде өзіңменен!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері