Қарағай мен қайың

Бұл бетте «Қарағай мен қайың» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1044
Бірге өсіп тұр қайың менен қарағай,
Жапырағынан сығалайды қарап ай.
Менсінбеген сыңайменен шалқайып,
Қарағайға қайың қыз тұр қарамай...
Ару қайың қарағайдан қашып тұр,
(Араларын табиғаты ашып тұр).
Тамырлары араласып жатқандай,
Табандары қара жерді басып бір.
Бірін-бірі алыстатпай тұр бағып,
Жапырақтары таңның шығын сырға ғып.
Қарағайға сабақтарын тигізбей,
Қайың төсі шайқалғандай бұлданып...
Егіз өмір сыр ұқтырды осындай,
(Қас қағым сәт көрінеді ғасырдай).
Іштей сыңсып іздегендей сыңарын
Әуелеген әуендері қосылмай.
Қос ағаштың қызық көріп тірлігін,
Ақ сәулесін құятындай нұрлы күн.
Осыншама жақын тұрып, тілдесіп,
Түсінбейтін сияқты олар бір-бірін...
Ағыта алмай сағыныш сыр сандығын,
Дарыта алмай ұшады құс ән-жырын.
Көрсеткен зор қарағайға қарсылық,
Қыз қайыңның аяп тұрмын тағдырын...
Көрші қонған қайың менен қарағай
Өскенменен бір-біріне қарамай,
Ұшар басын түйістіріп тұрғандай
Жапырақтары шуылдаған баладай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағай мен қайың өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қарағай мен қайың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағай мен қайың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарағай мен қайың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері