Өкінішті! – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Өкінішті!» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 1
  • 975
Арманға сене алмай жүретініміз,
Өп-өтірік күлетініміз,
Пайданы ғана білетініміз –
ӨКІНІШТІ!
Жақсылық жасауға асықпайтынымыз,
Тектілікті төгіп, қасықтайтынымыз,
Жамандықты жасытпайтынымыз –
ӨКІНІШТІ!
Жақсы адамдарды көрмейтініміз,
Ізгілікке сәлем бермейтініміз,
Мейірімге әр кез шөлдейтініміз –
ӨКІНІШТІ!
Ақылдының сөзін алмайтынымыз,
Батагөй қарияға бармайтынымыз,
Күлтөбедегі жиыннан қалмайтынымыз –
ӨКІНІШТІ!
Басқаны балақтан қабатынымыз,
Болашаққа балта шабатынымыз,
Пейілден бәрін табатынымыз –
ӨКІНІШТІ!
Ана тілімізді ұмытқанымыз,
Көзді шел басып, құныққанымыз,
Рухты көкке ұлытқанымыз –
ӨКІНІШТІ!
ӨКІНІШТІ!!!


Пікірлер (1)

Қанатбек

Бүгінгі қоғамға нақты сипаттама !.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері