Соқыр гитарашы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 554
Күні өтсе де арман толы, үмітті,
Көңілінен қуып шыққан күдікті.
Екі көзі су қараңғы, көрмейтін,
Күнде көрем гитарашы жігітті.
Төгіледі гитарадан мұңлы әуен,
Күндер өтті мұңлы әуенді тыңдаумен.
«Сен де кешкен мына тірлік – бір дәурен,
Мен де кешкен бір дәурен...».
Өтіп жатқан толассыз ел
Ән-жырға
Риза болып тиын тастар қалбырға.
Соқыр жігіт қалықтаған әнімен,
Тас атады тағдырға.
Кешіріпті көп иттердің үргенін,
Кешігіпті бақытынан – білгенім.
Осы жанның қайғырғанын көрмедім,
Осы жанның көрген жоқпын күлгенін.
Қасиетін осы жанның білгейсің,
Бай, кедей ме?
Оның үшін – бірдейсің.
Сырын оның көрмесең де көзінен,
Жырын оның жанға тоқып жүргейсің.
Текті жанды тануға да бұл бір сеп,
Қандай ғажап – асылдарды шын білсек!
... Гитарашы көрінбейді соңғы кез,
Орнында оның...
Кәуап сатқан дүңгіршек...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соқыр гитарашы өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Соқыр гитарашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Соқыр гитарашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соқыр гитарашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері