Ұят шарпып бетімді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ұят шарпып бетімді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1246
Ұят шарпып бетімді,
Арым қалай көз ілмек?
Ауа райы секілді
Ала-құла кезім көп.
Кейде менен безінді ой,
Бұлт бүркеніп қабағым.
Кейде қайың безіндей
Безерем де қаламын.
Ашам ашу майданын,
Кейде ақылды ұғынбай.
Кейде тіпті майдамын
Ақ бидайдың ұнындай.
Көңіліме қаз қонып,
Кірпігіме жаз қонып,
Жүрегіме наз қонып,
Кейде жүрем мәз болып.
Дегенмен де... кей кезде
Өзіме өзім нанбаймын.
Құйын ойнап кеудемде,
Аспанға ұша жаздаймын.

1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері