Неге, жаным, іздеп келмедің?

Бұл бетте «Неге, жаным, іздеп келмедің?» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1527
Асыр салып мөлдіреген балбұлақ,
Қызғалдақтар құлпырғанда албырап,
Жүрек сені жоқтағанда зар жылап,
Неге, жаным, іздеп келмедің?
Күн нұрына көкірегін кең ашқан,
Ақ тұманнан айыққанда көк аспан,
Қоңыр қаздай сыңарынан адасқан,
Неге, жаным, іздеп келмедің?
Апармайды тағдыр салған жол қайда,
Қаным кеуіп, шөлдегенде шалғайда,
Қарлығаштай су тамызып таңдайға,
Неге, жаным, іздеп келмедің?
Жапырақтар сарғайғанда әудемде,
Азынайды суық ызғар кеудемде,
Бұл жалғанда саған ғана сенгенде,
Неге, жаным, іздеп келмедің?
Тереземді аппақ қырау шалғанда,
Өксігенде қайран ғұмыр арманда,
Қанатымды қозғай алмай қалғанда,
Неге, жаным, іздеп келмедің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге, жаным, іздеп келмедің? өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Неге, жаным, іздеп келмедің? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге, жаным, іздеп келмедің? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге, жаным, іздеп келмедің? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері