Өлең, жыр, ақындар

Құланойнақ

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1832
Құлан жоқ.
Аты ғана – Құланойнақ.
Меңіреу.
Мелшиеді ұлан аймақ.
Шегеді аяқ бассаң сес көрсетіп,
Түбінен тобылғының жылан айбат.
Құландар, қайдасыңдар аңыздағы?
Аңырап сөзде қалдың ауыздағы.
Аңызға мен де айналып кетер ме екем,
Сағымдай зым­зия боп тамыздағы?
Ел де жоқ.
Қыстаулардың орны ғана.
Тінтеді шидің түбін жел қуана.
Соңынан құландардың кетті ме екен
Құландай қырда жортқан сорлы баба?
Қайғыдан көз ашпаған мына қырға
Бәрібір – күлдің бе сен, жыладың ба.
Тағдырлас құланменен қайран елім,
Өзінің запы болған тұрағында.
Қай қазақ опа көрген тау­даладан,
Күні жоқ көшкен бұлттай аунамаған.
Бөктеріп әкетсе де бүкіл жерін,
Біреуден бір пұшпағын дауламаған.
Қайдасың, нағыз құлан желіп жүрген?
Бәледен есек текті жеріндім мен.
Ботадай боздап тұрған боздақ дала,
Сұрайды жоғалғанның кегін кімнен?
Иен тау үндемейді сайтан алғыр,
Әу десең селт ете қап, қайта қалғыр.
Мәңгілік күрік басқан бір алып құс,
Шіріген жұмыртқасын шайқаған құр.
Қараймын жаным жылап құлан тауға,
Жүз қамшы ойнағандай қыр арқамда.
Бұлдырап өткен өмір бұлқынады,
Шыңғырған сәйгүліктей қыл арқанда.
Құлан тау.
Құлан дала.
Құланойнақ.
Келер күн саған қалай кінә қоймақ?
Есіме анда­санда түсе қалсаң,
Менің де қай­қайдағым шығады ойнап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саятта

  • 0
  • 0

Түлкідей мына заман бұлаңдадың,
Қайдасың, қағып түсер қырандарым!?
Қылыштай қанатымды көкке сермеп,
Менің де биік шырқау бір арманым.

Толық

Тауға қарай көшті бұлт

  • 0
  • 0

Тауға қарай көшті бұлт,
Тазартып аспан айнасын.
Қоюлай түсті кешкі ымырт,
Керді де көкте ай қасын.

Толық

Айхай, заман!

  • 0
  • 0

Сағымдай сан құбылған, айхай, Заман,
Сиқырлы қызығыңа жан тоймаған.
Өзіңе мұң шағамын оңашада,
Абыздай күңіреніп ой толғаған.

Толық