Өлең, жыр, ақындар

Машқар-ата

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 679
"Бет күймесін таңда машқар күнінде –
дейтін қария, — бір тергеу бар түбінде
Белгісіз бір үрей туып үнінде,
бұны айтқанда кететұғын дірілдеп.
Сол қария — бетің сипа, күбірле —
өліп кетті сүрінді де түбірге.
Тамыр-тамыр қара ағаштың түбінде
шымнан қиған зираты тұр бүгінде.
Көп күліп ек, "Машқар-ата" деп күлдік
Содан қалды тілдегі сәл өткірлік.
Күлкі отына талай көйлек кептірдік;
ұмыт болды-ау, ұмыт болды көп тірлік.
Жалғыз сиыр сауылатын сол шалда,
жалғыз еді сыйынары болса — ол да.
Бір жөткіріп: "шүкір,— дейтін ол сонда,
Таңда машқар, кісі асына қол салма".
Таңда машқар деп сөйлесе сол адам
қорыққаны емес шығар моладан.
О дүние — жоқ нәрсе ғой, жоқ, одан
қауіптірек ой бар мені қамаған.
Сөз дегенді ие берсең — иін көп,
сөздің құны кетті, білем, тиын боп...
Кейде осы мен өкінемін, өкінем:
о дүниенің жоғы қандай қиын деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Коммунист

  • 0
  • 0

Қиялды қозғай берсең - сөз жауады,
Сұлулық қарай берсең көзге ауады...
Коммунист... тыңдамайды ол өзге жырды,
Жұтпайды бұл ауадан өзге ауаны.

Толық

31 декабрь

  • 0
  • 1

Бір календарь бітті-ау тағы жыртылып,
Міне, соңғы парақ қана тұр қалып:
Күздің соңғы жапырағы секілді
уақыттың бұтағында дір қағып.

Толық

Кештіғұрым ескенде тау самалы

  • 0
  • 0

Кештіғұрым ескенде тау самалы
менің жаным ғажап бір ән салады.
Ән саламын, сүйгелі бір сұлуды,
бір сұлуды сағынып аңсағалы.

Толық

Қарап көріңіз