Салмақсыздық

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1001
Жақсылық — жас,
Жылдар жаңа,
күн өзге:
ердің даңқы дарыды енді бір езге...
Алатаудың ақ бұлттары салмақсыз,
салмақсыздық келді содан мінезге.
Салмақсыз қыз қасы-көзін сәндейді,
сәнді қызға салмақсыздық тән — мейлі.
Алды бәрін уақыттың өзі ақтап,
космоста салмақсыздық — заң дейді.
Физиктердің шөбін орып кеттің бе —
салмақсыздық — санасыздық деп күлме.
Салмақсыздық — құлағанға қолайлы,
сипаған боп сезіледі тепкің де.
Құмға да ізің түспей кетті, әзаға,
жел боп жүгір, жұрттың ізін тазала.
Салмақ — қара таста қалса болғаны,
тастай салмақ қалсын өлім-қазада.
Қиялында құмар оты жансын тек —
қанатсыз-ақ ұша аласың, ал, сілтет.
Қалсын салмақ жұдырықта жауды ұрар,
мықты айтылған сөзде салмақ қалсын тек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салмақсыздық өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Салмақсыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Салмақсыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Салмақсыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері