Сырласым боп, сиқырлы, сезім өлең – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сырласым боп, сиқырлы, сезім өлең» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 778
Сырласым боп, сиқырлы, сезім өлең,
Көкорайлы, көк белде көз ілер ем.
Өкінішсіз өмірді қайта бастап,
Ғашық болғым келеді, өзіңе Мен.
Жылдар өтті... жылжумен, айлар өтті,
Айналумен мәңгілік айна-көкті.
Адастырып аққудай айдындағы,
Ай сәулесі сырғанап қайда кетті?...
Сағыныштан жамылса, сағым әлем,
Көбелегім, көктемгі бағыңа кел.
Шұғылалы сезімге қайта оралып,
Ғашық болғым келеді тағы да мен.
Дауысымды жалықпай тыңда, аяулым,
Сызылтайын, сезімнің сырнай әнін.
Еркелейін, алаулап өртенейін,
Кешкі бұлттай сімірген күн бояуын.
Ғашық болғым келеді, ғашық болғым,
Арнасынан арманның тасып, толғым.
Таңғажайып, келеді, келеді бір,
Жан сарайын жалғанның ашып, көргім...
Ғашық болғым келеді тағы да мен,
Шабытымнан шашылып лағыл өлең.
Күн көзімен ашылып гүл-жүрегім,
Бұл өмірді өртеніп, сағынар ем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері