Қоғадай жүрген иіліп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қоғадай жүрген иіліп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Қоғадай жүрген иіліп,
Шалқайып қапты бір кісім,
Жолдарым жатыр түйіліп,
Қомданып, ұшпай жыр құсым.
Кешегі досым қас болған,
Кетуімді аңдыр сәл тайып.
Иемін қайтіп аспаннан,
Айымды туған шалқайып.
Сусыған кездер кездеме,
Жыртылды шулап кең көше.
Иілген кеуде өзгеге,
Шалқайып қалар мен десе.
Аспанға сіңіп даусым бар,
Отымды көржер ұрлаған.
Иілгенімді қалап тау шыңдар,
Шалқайып қарап тұр маған.
Айдыннан аққуды үркітіп,
Шығармай еркін үнімді.
Шалқайған дүние тұр күтіп,
Шалқайып шығар Күнімді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері