Өлең, жыр, ақындар

Таңғы күн

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Айтар едім айқайлап тыңдаса мен,
Бүгін туған баламен құрдас әлем.
Таңғы аспаннан жарқырап күліп шыққан,
Алдыменен берейін күнге сәлем.
Бесік болып тербесін, тербесе әлем,
Өмірімді емдесін емдесе өлең.
Көкірегі кең болған бір ел анасы
Екінші рет берейін жерге сәлем.
Жерім менің жастығым, көп аңсаған,
Жер көнермес, көнерер көнерсе адам.
Арманыма асығып әр таң сайын,
Жолдаймын мен, туған ел, сәлем саған.
Таңғы күнге жүзімді жиі өптіріп,
Сезімімді тіліме тиек қылып,
Көктесем ғой шынардай, асқар шыңның
Көкірегіне басымды сүйеп тұрып.
Тіршіліктің таратып ән-күйлерін,
Кеш батқанда жұлдыздай қалғиды елім.
Таңғы күнмен әлемді сәби етіп,
Анасындай келеді әлдилегім.
Көкірегімде туласын, туласа өлең,
Жұлдыздармен болады сырлас әлем.
Аман-есен қуанып көргеніме,
Беру үшін асығып күнге сәлем!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс жыры

  • 0
  • 0

Онда мен үш жастамын,
Ол бір күн сендерге аян, тұстастарым.
Аңыраған әнімен аналардың,
Аударылып қанша рет түсті аспаным!

Толық

Аңсайды құс көңілім әлде нені

  • 0
  • 0

Аңсайды құс көңілім әлде нені,
Бір сәтке тастап қашып, жан, денені.
Елегізем, бос қиял, үмітпенен,
Кеш батса, күліп тағы таң келеді.

Толық

Сен дегенде кешеді ойым қан-майдан

  • 0
  • 0

Сен дегенде кешеді ойым қан-майдан,
Не болса да, көрем бәрін маңдайдан.
«Мәңгүрттенсем», махаббатысз, сезімсіз,
Мына өмірде болар дейсің қандай мән?

Толық