Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын

Бұл бетте «Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын.
Көп адасып, өзіңді тапқандаймын.
«Сенен өзге ешкімді сүймедім» деп,
Ант ішпеймін, алдыңда ақталмаймын.
Өршіткендей төзімнің өртін бір шың,
Қыл ішегін сезімнің шертіп жүрсің.
Жүрегімнің жалынын сатып саған,
Жалынбаймын, жанбасаң еркің білсін.
Таң алдында татып ап тұнған удан,
Жанып-күйіп жалықтым жынданудан.
Сүйе алам ба, басымды матап, байлап,
Махаббатқа қорықпай құл болудан.
Өткенді ойлап, оңаша толғанамын,
«Өмір өзен» арнасы толған ағын.
Көзім менің мілінер көкжиекке,
Батар күннің сіміріп соңғы алауын....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері