Астанаға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Астанаға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 574
(әні бар)

Ерліктің ел қолдаған бастамасы,
Алдыңда асатын бел, асқар асу.
Төсінен Сары арқаның бой көтерген,
Астана Қазақстан бас қаласы.
Аспаны жастық, асқақ ән,
Арманға биік бастаған.
Тербелген алтын бесігім,
Бас қалам, аппақ Астанам.
Есілдің толқынымен бұрғылаған,
Оянып ұйқысынан тұрды далам.
Төсінен барыс жортып, қыраны ұшқан,
Нұр жауған аспанымнан Нұрлы қалам.
Ортаймас көңілімнің ән арнасы,
Тәуелсіз өмірімнің замандасы.
Қараймын күн көзіне, күнде өзіңе.
Жастықтың көк байрақты ақ Ордасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері