Ұсынба орын, босағадан, төрденде – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұсынба орын, босағадан, төрденде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 696
Ұсынба орын, босағадан, төрденде,
Төрді қайтем? жетім жүрек шерменде.
Тәтті сөзбен алдай бермей… сәбидің –
Не жетеді? Қолына нан бергенге...
Ұқсамайды бір күніме бір күнім,
Бір күніме татымайды тірлігім.
Өрге сүйреп келем әлі, шешемнің –
Орта жолға тастап кеткен жыр жүгін...
Көңіл көгін торлап, қамап ауыр мұң,
Тұрғандаймын алдында асау дауылдың.
Көптен бері жылай алмай жиналған –
Көз жасымды көтере алмай, ауырдым...
Бұбұл қайда?
Бағымдағы жырлаған,
Уақыт қолы жастығымды ұрлаған.
Тағдыр-торын үзіп тастар, лақтырып,
Бір сілкініс керек болып жүр, маған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері