Үш қасиет – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үш қасиет» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1036
Өзімді іздеп... өз ішімді кезермін,
Кедейлік пе?
бәріне де төзермін.
“Адаммын” деп айта алмас ем жүректен,
Үш қасиет таппай қалса өз орнын.
Сиқыр сырын, сыртынан-ақ сезем мен,
Аққан көше, аумайды өмір өзеннен.
Кең далама қашып кетіп барамын,
Қайырымсыз “тас қаладан” безерген...
Көк аспаным! көкірегіме нұр себер,
Күш бар онда “тәңірімдей” бір сенер.
Жанарыма толқыр едім жас толып,
Табанымда туған жерім тұрса, егер.
Сезім деген, ақ сәуле ғой бір нәзік,
Ғұмыр сыйлап, болар таңғы гүлге азық.
Ана тілмен, бала күнде сөйлеген,
Көзімді аштым, дүниеге, жыр жазып.
Ұшқыр қиял қанаттарын қомдаса,
Дүние-даңқың қызықтырмас ол да, аса.
“Бақыттымын” дей алмас ем, ешкімге –
Басымда егер “еркіндігім” болмаса.
Ұл жолда...
жолықты қу, түрлі адам,
Бақытымды, уақытымды ұрлаған.
Тілім жерім, еркіндігім қасиетті –
Үш қасиет, өмір сыйлап жүр маған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері