Ағыны жаға жанып атқылаған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ағыны жаға жанып атқылаған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 574
Ағыны жаға жанып атқылаған,
Айтады арман жайлы ақ бұлақ ән.
Секіріп тастан-тасқа толқындары,
Күледі жас баладай пәк күнәдан.
Толқынға төсі иіген ояу дала,
Айтқандай тентегім деп баяу ғана.
Биіктен жыр бұлағым құлар төмен,
Асығып барады екен қай арнаға.
Ағысы жаға жуып сыр ақтарған,
Тыңдаудан емес, сірә, құлақ талған.
Кең далам сылдырлатып, мойынына,
Алғандай моншақ тағып бұлақтардан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері