Жыр дегеннің жыр емес қой барлығы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жыр дегеннің жыр емес қой барлығы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 804
Жыр дегеннің жыр емес қой барлығы,
Бұлбұл даусы, емес құстың таңғы үні.
Раушандай болмас тегі гүл біткен,
Сұлулардың ұқсамайды тағдыры.
Арман деген ұқсайды екен бір отқа,
Асықтырып, жанады үдеп жырақта.
Дос деген сөз айтуға оңай болғанмен,
Дос жүрегін табу қиын бірақ та...
Айдар тағып, асып туған жыр бар ма?
Баратұғын басын имей жылдарға.
Айтпас болар қайсы жұлдыз жарық деп,
Жұлдыздардың өзі жанып тұрғанда!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері