Білмейді менің ешкім жоқ-барымды

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1557
Білмейді менің ешкім жоқ-барымды,
Білмейді қиын-қыстау шақтарымды.
Қағазға жүрегімнен құямын мен,
Жырымды, жарығымды, оттарымды.
Барлығын бойда бардың құямын мен,
Жарысып бүкіл болмыс, қиялыммен.
Сен мені білгің келсе, бейтаныс дос,
Білесің толығырақ күй-әнімнен.
Түсінер бұл сырыңды дұрыстап кім,
Дос тапсам, көңіл серік, ырыс таптым.
Ал онсыз жарыммын мен, жаным жүдеу,
Тырысып сәл нәрсеге ұрысқақпын.
Біреуді бар жаныммен емдеп беріп,
Ал өзім жүрген шақта шөлдеп кеуіп.
Айрылған кездерім бар тіл мен жақтан,
Көзіммен жан досымды жерлеп келіп...
Түспей ме күн арқылы гүлге шуақ,
Әрқилы оралады тілге сұрақ.
Сыланған айдындағы аққудайын,
Құдай-ау, сыланамын кімді есіме ап.
Бір кезгі жақын деген бөтен бүгін,
Сезіндім көп нәрсенің бекерлігін.
Сезіндім өлеңі дос ақынға бір,
Өмірден артық сый жоқ екендігін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білмейді менің ешкім жоқ-барымды өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Білмейді менің ешкім жоқ-барымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Білмейді менің ешкім жоқ-барымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білмейді менің ешкім жоқ-барымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері