Өлең, жыр, ақындар

Сәндібек Әлібековке хат

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2330
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Жұмбақ жас - жетпісіңді алқымдадым.
Өлең кеп өзегімді өртегенде,
Шәйнектей газға қойған сарқылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Келеді әр күнімді алтындағым.
Көп күнім алтын болмай, жез боп шығып,
Қурайдай желді күнгі қалтылдадым.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Алдында, біреулердің артындамын.
Басымды тікпедім мен бәсекеге,
Мінезім ыссы, бірақ салқын қаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Озғым кеп қатарымнан талпынбадым.
Алалап адамдарды жүргенім жоқ,
Болса да қалтам жұқа, жарқын жаным.
Аманмын, сол баяғы қалпымдамын,
Белгілі мезгіл жетсе, сарқылмағым.
Келемін мазасыздау тірлік кешіп,
Өзімше ойлауменен халқым қамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

1996 жыл

  • 0
  • 0

Тіршіліктің күнделікті күйбеңі
Ойымызды, бойымызды биледі.
Ертелі-кеш бос сенделіп жүреміз,
Осы ма тек бізге үлеске тигені?

Толық

Құлайды

  • 0
  • 0

Кей адамның бағы жылдам өрлеген,
Бетіне оның ешкім жел боп келмеген.
Қайда барсын, сый-құрметке бөленіп,
Әрқашан да дайын тұрар төр деген.

Толық

Мешейім

  • 0
  • 0

Кеп қалған сезім селін жасқамадым,
Тағы да ауыл жыры бастағаным.
Мен туған Мешей деген бір ауыл бар,
Сыртында Каменканың - Таскаланың.

Толық