Екі сөйлем – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Екі сөйлем» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Жоқтаушысы ар мен биік намыстың
Ақын отыр суыртпақтап
тін тарқатып талшығынан жүректің,
дүниенің бүтіндемек жыртығын,
күресіннен аршымақ боп шындықты
айқаспайды кірпігі,
табар емес бір тыным...
Айлалының көлгірлігі шырмаған,
бетін жыртып бетпақ тірлік тырнаған
Шындық отыр
шыбын жаны шырқырап,
қалғып кетіп қарауылда
бар байлығын тонатқан
күзетшідей күрсініп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері