Ана тілдің өгей ұлдарына – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Ана тілдің өгей ұлдарына» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған ана туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Ана тілдің өгей ұлы, көпсіңдер
Жер айырылып кетер топас екпіннен!
Ана тілді менсінбеген мәңгүрттер,
Қу дүниені кеткен куып, жан күйттеп.
Тіл-ананы тебер тексіз міскіндер,
Міскін жандар бет қаратпас мүшкілдер!
Жүздерінен жерір адам, кие де,
Шіркіндерді жын кеткен бе, иелеп.
Анасының қайрылмайтын тіліне,
Жаттың кеткен илеуінде, күлінде...
Өз тілінің өшіргендер шырағын,
Қазақ үшін теріс аққан бір ағын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері