Жеті қат көк деген – аспан ба – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жеті қат көк деген – аспан ба» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1555
Жеті қат көк деген – аспан ба,
Әлде аспан алтауға астар ма?
Аспанды аспан деп жеке алсақ,
Құпия сырына жете алсақ...
Көк күмбез шетін ап жастансақ...
Арылсақ ойлардан жасқаншақ.
Бір қадам тылсымға ұмтылсақ,
Надандық құрсаудан бұлқынсақ.
Жүректің қақпасын Иманға
Айқара ашар күн туғанда.
Биіктің сырына үңілсек,
Ілімге бас иіп, жүгінсек!
Санадан ылайды жуғанда
Сансырап дінсіз боп туғандар,
Кіндігін қайтадан кестірсе,
Ескілік ескірсе, ессізге ес кірсе...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері