Өлең, жыр, ақындар

Дән мен жаңқа

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 617
Дән боларсың бір жеміс піскен кезде толатын,
Тағдырыңның кезегі топыраққа жол ашып,
Суарылып, көктерсің шуақ нәрмен қалқиып,
Биіктерсің, өсерсің өзегіңе нәр жиып.
Тіршіліктің жолында күресерсің көкке өрлеп,
Жапырақ та саларсың, сан өрнекті көкпекбек.
Түйін тастап көктемде, жеміс өнсе - бір жеңіс,
Тіршіліктің міндетін атқардым-ау, бір, деңіз!
Жаратылыс, табиғат заңы - заңға байлаулы,
Тағдыр деген жандайшап, мұрша бермес айдауыл!
Жазмыш деген өзгермес қаталдау бар атазаң,
Бағынамыз бәріміз, сонау-сонау атадан!
Балта деген сорың бар, түспесін де соңыңнан,
Ізіңді алса, құтқармас, тумас айың оңыңнан!
Отап өтсе зәнталақ айналдым де жаңқаға
Өмір-өзен бетінде қағып жүрер қаңғалақ!
Жаңқа өзенде ие емес, анау айтқан салмаққа,
Қалқып жүрген бір қара, бүдір көрсең қармап қал!
Сенен гөрі салмақты біреуі ығып келеді,
Жаңқа-өмірдің, болса егер, тілеуін кім береді!
Дән-ұрпаққа айтылған өмір-пайымдама бұл,
Талайыңа жазылса, барлығын да көрерсің!
Өсіп алшы алдымен терек болып көгеріп,
Үйретермін балтадан сақтанудың керегін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамылжып бұлбұл салар ән

  • 0
  • 0

Тамылжып бұлбұл салар ән,
Таңдарды таңға жалғатып.
Таңғы асқа құны татитын,
Таңғы ауаң қайда Алматым?

Толық

Жеткізе алмағанда бір ойды сөз

  • 0
  • 0

Жеткізе алмағанда бір ойды сөз,
Болса ғой тылсымдарға енетін кез...
Періштенің кейпінен ажыратар
«пері іште» боп жүргенді көретін көз!

Толық

Табын-табын ой айдап

  • 0
  • 0

Табын-табын ой айдап,
Ойпаң қуып шаршадым,
Қиял-ғажап қуып ем,
Қиыр шарлап тамсандым.

Толық

Қарап көріңіз