Менің кеуде тұсымда қоңырау бар – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Менің кеуде тұсымда қоңырау бар» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 704
Менің кеуде тұсымда қоңырау бар,
Сыңғырласа қоңырау, жалын аунар.
Жел үзгенде жылатып жапырағын,
Сағыныштан сарғайды сары баулар.
Көк аспанда қалқыды қарлығашым,
Жоқ боп қалған кезінде барды ұғасың.
Қара орманға қарлығаш қайтпай қалды,
Алатауым сілкіді қарлы басын.
Теректердің тамыры тозбағасын,
Жасыл орман тосады өз бағасын.
Сырымды айттым жылаған жапыраққа,
Жүректегі жалыным маздағасын.
Тежей алмай шалықтап кеткен нұрды,
Көбелекке ілесіп көктем кірді.
Жанымызды барады жарқыратып,
Аппақ шуақ аралап көк пен қырды.
Жанымызды барады жарқыратып,
Жарқыраған шуақтың арты бақыт.
Найзағайлар оянып түн ішінде,
Аспан жаққа ойнады алтын атып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері