Көз ұшында бұлдырап тамыз ақты – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көз ұшында бұлдырап тамыз ақты» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 800
Көз ұшында бұлдырап тамыз ақты,
Көлеңкесін көктемнің таң ұзатты.
Жылқылардың желбіреп жалы қатты,
Қара жолддың қопырап шаңы жаттты.
Таңы бүгін тірліктің атады ерен,
Жер көгеріп жаңбырлы батаменен.
Жаңа келген ғаламға сүйінішпен
Аң-таң болып таңырқап жатады әлем.
Шуақ күліп қарасын кірпігімен,
Бақыт табам одан да бір күні мен.
Жаңа дүние тербетер алтын бесік,
Ескі реніш мұңайса жыртығымен.
Солпай, солай, жаңа күн келді күліп,
Күлген жақсы деп қойды мендік үміт.
Жүйткіген жыл самырсын қанатымен
Саусағына барады желді бүгіп.
Сырға тақққан күндерім шалықтасын,
Тыным алар бір кезде жалыққасын.
Демі барда, бетеге белі барда,
Сайын дала қыраны қалықтасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері