Көңіл толқыны – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Көңіл толқыны» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2585
Теңіз күйімді дала көрді,
Отым – алапат, жанам енді!
Аққу жайлады, тана көлді,
Көңіл толқынын көр, бүгін!

Алау гүлдерді жыйнағаным-ай,
Әлемге мынау – сыймағаным-ай!
Көзімнің жасын тыймағаным-ай,
Көңіл толқынын көр, бүгін!

Тербетіп, жанды, алтыбақанда,
Айналып, жүрмін, жарты жаханда!
Алауы сұмдық таң боп атам ба?
Көңіл толқынын көр, бүгін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері