Кеудемнен аққан – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Кеудемнен аққан» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 737
Кеудемнен аққан
Алысып сезім селімен,
Жеңе алмай сорлап,
Толқынға қайта көмілем.
Өтірік бәрі!
Өзімді бекер алдаппын,
Жек көре алмадым
Ұмыта алмадым сені мен!
«Жек көремін» деп,
Сендіре алмадым өзімді,
Сөндіре алмадым,
Күлге айналдырып сезімді!
Көрмесем бір сәт
Сағынышымнан сарғайып,
Жүрегім сонша езілді...
Шаршады миым...
Тәлкегін көріп тағдырдың,
Шығар жол іздеп,
Ой-орманында қаңғырдым.
Шырқырап тұрып
Қолымды саған созғанда,
Шығарып алмай,
Шыңырауда неге қалдырдың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері