Тілек – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Тілек» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 786
Не сиқырмен
Өзіңді сүйікті еттің,
Таутүрген?
Сені тіпті келмейді
Қиып кеткім,
Таутүрген!
Тауларыңмен көлбеген,
Бау-бағыңмен тербеген,
Сезім болып
Кеудеме сыйып кеттің,
Таутүрген!
Сан бояуға малынған
Осынау бар қалпыңмен,
Сен екенсің
Құдірет, аңсар мекен,
Таутүрген?!
Саған ғашық жүрекпен
Бір ұлыңа тағы ұнап,
Келін болып
Өзіңде қалсам ба екен,
Таутүрген?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері