Диван жақ бұрышта – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Диван жақ бұрышта» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 985
(аударма)

Пеш қалдырды солғын мұнар –
шоқ табын.
Терезелер сөндірді бар
оттарын.
Кемені айдын ағыстарда
жалмаған.
Тырна ұшады салып таңда
сарнап ән.
Шықпайды - бос алаңдама –
енді Күн!
Мен - ақынмын, маған ғана
сен бүгін!
Ертегімді ұқ, албырт гүлім,
сен менің.
Әкелемін барлық түрін
перденің.
Сезімімнің жалындары
қыздырып,
балқиды әлі жанындағы
мұз жібіп.
Тізе бүгіп қарсы алдыңда
жігіттер,
батады әлі аңсау-мұңға
үміткер.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері