Аналар мен жесірлердің тілегі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Аналар мен жесірлердің тілегі» атты Фариза Оңғарсынова жазған ана туралы өлең берілген.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1086
(аударма)

Қол қусырып тіледік,
Көзімізде шын бақыттың күлкісі
ойнап жүр едік
күннің өзін тербетіп,
Жүрегіміз кеудемізден сүт бұлағын селдетіп.
Қызыл қанмен, қылышпен
құтқарыңдар фашизмнен, жер көрмеген бұл істен!
Берші қару біздерге,
фашистерді атқылайық, атқылайық біздер де!
Бұлағы едік өмірдің,
Қиял тұнған кеудемізден шарықтайтын көңілді үн.
Достар, бізге қару әкел, қару әкел, жарай ма,
фашистерді құртамыз біз, құртамыз біз қалайда!
Олар аз ғой өлгендерден, бұғанасы қатпаған
қыршын кеткен боздағымыз жазықсызға оқ атпаған.
Біз оларды сүюші едік ес қалмай,
Тек өмірді ойлайтынбыз басқа ештеңе еске алмай.
Қолымызға қару ұстат, басқа ештеңе көрсетпе,
Өлімменен арпалысып өлеміз біз өлсек те!

ПОЛЬ ЭЛЮАР


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері