Тың жер ұқсап торғынға – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тың жер ұқсап торғынға» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1160
(аударма)

Тың жер ұқсап торғынға
таңғы шуақ күш құйды.
Түнгі алаудың орнында
көкшіл түтін бықсиды.
Күн сәулесі
шөптерде
жарқылдайды шалғыдай.
Шық шашырап бөктерде
қарсы алады таңды ұдай.
Дала таңы, жел ескен,
ақ көңілді жұрт, міне –
Ресейден сен өскен
айнымайды тіпті де.
Көк шалғын да, гүлдер де
жұпар демін таң жұтқан.
Жігіттер тез бұл жерге
бауыр басты сондықтан.
Көгорайда көз ілді
Рязаньда жүргендей,
дала ұлындай сезінді
дала гүлдеп үлгермей.

ВЛАДИМИР ЦЫБИН


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері