Ортасында достардың – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ортасында достардың» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1648
Ортасында достардың
сәуле шашып бір жарық,
табанымда – көк шалғын,
келе жатам нұрланып.
Елдің көңілі – нәр маған
себелейді ақ нұрын,
заты әйелге тамбаған
даналықтың жаңбырын.
Дауылдарға кеуде ашып
жалаң төсті тағдырым.
Жалаңаяқ сең басып,
құздарына қарғыдым.
Сезімімен халқымның
сақтап жүрек дірілін.
Талай отқа шарпылдым,
сонда да әлі тірімін.
Дос көңілдер – Күн, ғалам
тілек тілер анамдай.
Қуат құйып тұр маған
солар жаққан жанармай.
Келем тартып әлі алға,
достар – айдын, ел – кемем.
Екеуінсіз ғаламда
түк емеспін мен деген.
1982


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері