Маужырап бақтар қарайды – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Маужырап бақтар қарайды» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1143
Маужырап бақтар қарайды
ақ төсек – ақ мамық қардан,
еске сап шақтарды арайлы
кеудеңде жатталып қалған.
Тағдырлас, ғұмырлас әрі
түндермен бар сынақтары,
тіл қатпай жымыңдасады
қаланың сан шырақтары.
Түнгі оттар тау, жер, өңірге
қарайды ашық ұрланбай,
терезе сәулелерінде
сан тағдыр жасырынғандай.
Шалқиды бақтарда бір үн
өзгеріп өңі күздегі.
Сәби жүз ақ қарға бүгін
түсті алғаш өмір іздері.
1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері