Іңір. Дала – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Іңір. Дала» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1834
Іңір. Дала.
Жұмылып
ыстық күннің жанары, көкжиекке тығылып, нұр кірпігін қамады.
Сыбырлайды көк қияқ, сүйіп қырдың самалы. Сатырлаған от тұяқ дүбірлетті даланы.
Жылқы үрікті белдегі, тағыланған ел көрмей. Ертегінің ерлері ел қорғауға келгендей.
Қырға шығып қарт сонда, әдетіндей талайғы, жылқы қуған жастарға, масаттана қарайды.
Жайбарақат құмда әлі, жампоз кәрі, жастар да. Жылқылы үйдің қырдағы түтіні тұр аспанда!
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері