Өлең, жыр, ақындар

Менің халқым

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1345
Қашқын ба, қарақшы ма кемедегі,
әлсіз бе қозғай алмас тегенені,
"Мен ұлттық батырмын!" – деп шықса біреу,
соңынан жапырласып ел ереді.
Сырт қалып елдің қамын жеген ері,
жылпостың биік ұшар жебелері.
Шын батыр "батырмын" деп айтпайтынын
бұл халық біле тұра неге ереді?
Иісінен бас айналар қолаңсаның,
су болып көз арбайды тозаң, сағым.
"Батыры" өзін танытқанда ғана
байғұс ел бармақ тістеп, соғар санын.
Сөйлесе, жоқтай оған бөгет-белің,
ел-жұртты жіберердей жебеп керім.
Ол өзін өзі әшкере еткенше, жұрт
қаумалап соңына ерер жезөкшенің.
Зулайды мың құбылып құмай-жалған,
әзірше құбылыссыз Күн, Ай қалған.
Халқым-ай, қанша ғасыр жапа шектің
қолыңнан жасап алған құдайлардан!?
Ел өсер, деуші ем, жетсе кек шыңдалып,
келеміз әлі үлестен тек құр қалып.
Шекесін тауға-тасқа жарғанынша,
ес жимай өтеді екен ессіз халық.
1992



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Би алаңында

  • 0
  • 1

Топталып тұрған жұртты жайпап еніп,
шақырдың биге қайта-қайта келіп.
"Мен сізді көптен көрем, сүйемдерді",
айныттың жүрегімді, айта беріп.

Толық

Жолдағы достар

  • 0
  • 0

Келдім мен астанаға
серік қылып көгілдір арманымды,
тамашалап жағада таңғы ағынды.
Қала жатты оранып боз тұманға.

Толық

Жылқышы бала

  • 0
  • 0

Құрық алып қолыма,
қамшы салып торыға,
жылқы айдаймын жайлауда,
шаң ілеспей соңыма.

Толық

Қарап көріңіз