Зеравшан бойында – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Зеравшан бойында» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 786
Көк жазықтар мен Hұp тауында
Қай жылы cipә жер аш қалған?..
Мөлдір бұлақ қайдан?
Диқанмен әсте сырлас болған
Зеравшаннан десе, Зеравшаннан!
Көк бұйра бұлттар сайға төніп.
Үлесін алса жер аспаннан,
Аппақ жаңбыр қайдан?
Орманға басын орап салған
Зеравшаннан десе,Зеравшаннан!
Бағбан қыздар да жүзіп жүр көлде,
Аққумен сыры жарасқаннан.
Айдын шалқар қайдан?
Шириннен бiзгe мирас болған
Зеравшаннан десе, Зеравшаннан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері