Біз даланың екеуміз түлегіміз – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Біз даланың екеуміз түлегіміз» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 910
Біз даланың екеуміз түлегіміз,
Тағдыр қосып жарасқан тілегіміз.
Ғашық етіп жаратқан дүниеге,
Қарыздар ұл әлемде жүрегіміз.
Сүйіп өстік бал кезден даланы біз,
Бір-біріміз аяулым табарымыз.
Ғашық етіп жаратқан бұл өмірге,
Қарыздар қос қарашық жанарымыз.
Жолықтырған жолы бұл ұлан дала,
Мекен болған аққу мен қыранға да.
Ғашық етіп жаратқан екеумізді,
Қосылып бас иеміз бір Аллаға!

15-15 қаңтар 2011 жыл
Алматы шаһары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері